Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров әлеуметтік желіде тағы күлкіге қалды деп хабарлады turkystan.kz.
Украина Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко өзінің Telegram-арнасында Рамзан Қадыровтың баскетбол добын торға түсіре алмай, елдің күлкісіне қалған видеосын жариялады.
Ол баскетбол залында бірнеше рет нысананы дәл көздемей, соңынан ызаланып, қолмен ойнайтын допты аяғымен бір-ақ тепкен.