ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, JCI аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті.
Joint Commission International (JCI) аккредиттеуі – медициналық қызмет сапасының, пациент қауіпсіздігінің, емдеудің дұрыс және заманауи әдістерін қолданудың ең жоғарғы көрсеткіші. Осылайша, МОА медициналық мекемелер арасында сапа мен қауіпсіздік саласындағы жоғары стандарттарға сай екенін растады.
Медициналық орталық ауруханасының директоры Валерий Бенберин мекеменің аккредиттеу сертификатының болуы көрсетілетін қызмет деңгейінің тікелей көрсеткіші екенін атап өтті.
«Біз үшін әлемде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жаһандық үдерістің бір бөлігі болу – үлкен мәртебе. JCI аудиторларына нәтижелі жұмысы мен қажырлы еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз. Аурухананың халықаралық стандартты растауы – біз үшін пациенттердің қауіпсіздігі мен қызмет сапасының жоғары болуы бірінші орында екендігінің тағы бір дәлелі».
Айта кету керек, Медициналық орталық ауруханасы JCI сертификатын алғаш рет 2016 жылы алған болатын. Сертификат алған медициналық ұйымдар оны әр үш жыл сайын растап отырады.
Жыл сайын ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы клиникалық көрсеткіштер бойынша да, менеджмент көрсеткіштері бойынша да Қазақстан Республикасы стационарларық қызметінің рейтингтік бағалау тізімінде жетекші орын алады. Аурухананың емдік-диагностикалық бөлімшелері заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ауруханада қолданылатын технологиялардың Қазақстанда, кейбіреуінің ТМД елдерінде де баламасы жоқ. Жыл сайын ҚР ПІБ МОА-да 8000-нан астам пациент емделеді.