Әр кәсіпкерлік нысанның қоқыс тастайтын орны болуы керек

араз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте есепті кезеңдегі қала бюджетінің болжамды орындалуы мен шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып конкурстарын жариялау уақытының кешеуілдеуі талқыға түсіп, шаһар басшысы жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ең әуелі Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков сөз алып, ағымдағы жылдың 1 тамызына қала бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 106,8 пайызды құрағанын баян етті. Оның ішінде өзіндік кірістер 1758,0 миллион теңгеге артығымен орындалуы күтілуде. Десе де, қала бюджетінің шығыс бөлігінің игерілуі 96,2 пайызды межелеп, 1 127,1 миллион теңгенің игерілмеуі қалыптасып отыр. Шаһар басшысы қаржының игерілмеуін мемлекеттік сатып конкурстарының дер кезінде жарияланбауымен тікелей байланыстырып, жауапты мамандарға жақын арада олқылықтардың орнын толтыруды шегелеп тұрып тапсырды.
елесі кезекте қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев сөз тізгіндеп, жоспарлы көрсеткішті орындауда құрылыс саласындағы жұмыстар кенжелеп тұрғанын ашып айтты.
Жиында «Мектепке жол» акциясы аясында қолға алынып жатқан жұмыстар да қаралды. Биыл 1000 баланы мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін арнайы тізім жасалған екен. Осы бөлініс негізінде демеушілер есебінен мұқтаж отбасылардың балалары оқуға қажетті тауарлармен қамтылады деп күтілуде.
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков кеңес отырысында жаңа оқу жылына бір ай уақыт қалғанын айтып, осы аралықта бағаны барынша бақылауда ұстауды жауаптыларға тапсырды. Сондай-ақ апта сайын жәрмеңке ұйымдастырып, мектепке қажетті тауарларды тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынуға барынша күш салуға шақырды.
Кеңес отырысында, бұдан бөлек, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай өтетін іс-шаралар жоспары, жылыту маусымына дайындық барысы, жаңғыртудан өтіп жатқан жатақханалардың жайы сынды мәселер де қаралып, жауапты мамандар тиісті тапсырмаларын алды.
Қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы жиын соңында қаладағы сауда орындары тұрмыстық қалдықтарын тұрғын үйлерге арналған қоқыс жәшіктерге тастайтындығын қатаң сынға алды. Басым көпшілігінде арнайы қоқыс алаңы қарастырылмағанын да тілге тиек етті. Шаһар басшысы бұл мәселеге атүсті қарамай, кәсіпкерлерді жауапкершілікке шақыруды салаға жауапты орынбасарына тапсырды.

 

Comments (0)
Add Comment