АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаның Ресеймен соғыста жеңіске жетуі мүмкін деген сенім білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы оның ВВС-ге берген сұхбатында айтылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.
Америкалық дипломат украин халқының ресейлік басқыншыларға қарсы күрестегі ерекше төзімділігін жоғары бағалады.
«Егер Мәскеу қандай да бір жолмен үкіметті құлатып, өзінің қуыршақ режимін орнатуды көздейтін болса, 45 миллион украиндық мұны қабылдамайды», – деп сендірді Блинкен.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы соғыс енді агрессор елдің басшысы Путин жоспарлағандай жүрмейтінін баса айтты. Ол Ресей армиясының басып кірудің оныншы күні ел бойынша алға жылжуына кедергі жасауды жалғастырып жатқан украин әскерлерінің қиян-кескі қарсылығын атап өтті.