«Украинаға қарсы соғыс ашып, басқыншы әскерлерінің қолымен украин халқын құртып жатқан Ресей президенті Владимир Путин – әскери қылмыскер. Осындай айуандықтары үшін Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот (ХҚК) агрессор елдің басшысын қамауға алуға ордер беруге міндетті». Бұл талапты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Югославия мен Руанда бойынша Халықаралық қылмыстық Халықаралық трибуналы бойынша бұрынғы прокуроры Карла дель Понте қойды. Бұл туралы ол швейцариялық Le Temps газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Судья 24 ақпаннан бастап Ресей армиясы басып кіргеннен бері Украинада жасаған қылмыстары үшін Путинді және басқа да ресейлік саяси және әскери жетекшілерді жауапқа тарту үшін халықаралық қамауға алу туралы ордер беру қажет екенін атап өтті.
«Путин – әскери қылмыскер», – деді ол. дель Понте үшін Ресей Федерациясының басшысын қамауға алуға ордер беру «тергеу жұмыстары жүргізілді» деген белгі. Оның айтуынша, бұл әскери қылмыс жасаған адамды құрықтап, халықаралық сотқа тартудың жалғыз құралы.
Швейцариялық судья сондай-ақ Украинаға қарсы тергеу бұрынғы Югославияға қарағанда жеңіл болады деп есептейді, өйткені Киевтің өзі тергеу жүргізуді БҰҰ-ның халықаралық трибуналынан сұраған.
«Мұндай ордер беру Путин қамауға алынады дегенді білдірмейді – бұл ешқашан болмайды. Бірақ ол өз елінен кете алмайды және бұл қазірдің өзінде маңызды сигнал болады», – деп түсіндірді дель Понте.
«Адырна» ұлттық порталы