«ПСЖ», «Манчестер Сити», «Реал Мадрид» пен «Шахтер» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

6 қыркүйекте Чемпиондар лигасы топтық кезеңінінің бірінші туры аясында матчтар өтті. Алаңда H, F, G және E топтарының командалары кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ПСЖ

H тобында «ПСЖ» «Ювентусты» 2:1 есебімен жеңді. Клилиан Мбаппе дубльмен (5 және 22-минуттар) ерекшеленді, ал италиялықтар командасында Уэстон Маккенни (55-минут) гол соқты.

Ал келесі матчта «Бенфика» «Маккабиді» 2:0 есебімен жеңіп кетті.

F тобында украиналық «Шахтер» «Лейпцигті» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Марьяна Шведа дубль авторы атанды. Ал 21 жастағы Михаил Мудрик пен Лассина Траоре голдарымен ерекшеленді. «Лейпциг» ойыншысы Мохамед Симакан 57-минутта қарсылас қақпасына гол соқты.

Мадридтік «Реал» шотландиялық «Селтикті» 3:0 есебімен жеңіп кетті.

G тобындағы «Манчестер Сити» қарсыласы «Севильяны» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Эрилнг Холанд дубль авторы атанса, Фил Фоден мен Рубен Диаш бір голмен ерекшеледі.

Е тобында «Челси» загребтік «Динамоға» жол берді. Загребте өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

Comments (0)
Add Comment