Кезектен тыс Президент сайлауына 12 үміткер тіркелген. Орталық сайлау комиссиясы бүгін олардың бірнешеуінің құжаттары талапқа сай еместігін мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.
Бірден үш үміткер тізімнен шығып қалды. Атап айтсақ, теңгенің алғашқы авторы, сәулетші Хайролла Ғабжәлеловке Қазақстанда тумағаны және мемлекеттік қызметте бес жыл істемегені кедергі келтірген. Ол — Қарақалпақстанның тумасы.
Қазақстан құрылысшылар одағы атынан ұсынылған Талғат Ерғалиев мемлекеттік қызметте бар-жоғы үш жыл ғана еңбек етіпті.
«Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Фатима Бизақованың да жағдайы солай. Мемлекеттік қызметте 5 жылдық өтілі жоқ.