Президенттікке кандидат ретінде оппозициядан Нұрлан Әуесбаев тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан түседі.

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың қолдауына 15 өңірден 120 908 азаматтың қолы жиналған. Олардың барлығы тексеріліп, 119 197-сі жарамды деп танылды. Яғни қол жинаудың қажетті саны қамтамасыз етілді, -деді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина.

 

Нұрлан Әуесбаев Қазақстандағы оппозициялық партия саналатын ЖСДП-ның Астанадағы филилалының жетекшісі. 65 жаста.

Comments (0)
Add Comment