Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керек. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамалық тыйым салынады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.