Елімізде қалыптасқан қиын ахуалда баршаңызды бірлікке шақырамын. Лаңкестік әрекеттерге барып отырған белгілі бір топтардың арбауына еріп, ең алдымен өз өміріңізді, отбасыңызды, ел тәуелсіздігін таразыға салу – ең қате шешім.
Олардың көздегені – халықтың мұң-мұқтажы емес, нағыз құйтырқы әрекеттер!
Ата-бабаларымыздың жолымен келе жатқан парасаттылығымызды жоғалтпай, келер ұрпақтың қамы үшін ел тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу – біздің ең асыл парызымыз! Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел мүддесін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдерін қолдап, қиындықты бірге еңсерейік. Бұл – қазақ халқы үшін өте жауапты кезең. Баршаңызға амандық тілеймін.
Гүлдара НҰРЫМОВА,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты