Президентіміз креативті индустрия төңірегінде ой өрбітті

Президентіміз креативті индустрия төңірегінде ой өрбітті

Мемлекет басшысы экономиканы өркендетуге және халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыттар – медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технология салаларын қамтитын креативті индустрия жөнінде өз жаңа Жолдауында басымырақ айта түсті.

Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналатынына терең тоқталып, сонымен қатар, креативті экономиканың дарынды жастар мен шығармашыл адамдарды өзіне тартатын, өсіріп дамытатын мега қалалардың дамуы осы креативтілікке қатысты екенін атап өтті.

Қазақстанда бұл креативті индустрияның дамымағандығын және ішкі өнімді өндірудегі жұмыспен қамту саласының төмен екенін де жасырмады.

“Біз елімізде креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауымыз керек. Соның ішінде, зияткерлік меншікті қорғайтын құқықтық тәсілдер қажет. Бұл – өте маңызды мәселе.

Зияткерлік меншік дегеніміз – құрал-жабдық немесе технология сияқты кәдімгі мүлік. Қазір креативті индустрия орталықтары 3 ірі қалада (Астана, Алматы, Шымкент) шоғырланған, өңірлер назардан тыс қалып отыр. Бұл ахуалды түзеу қажет”, дей келе, Ел басшысы креативті индустрия ұйымдары барлық облыс орталығында болуға тиіс екендігін баса айтты.

Халыққа пайдасы бар ірі жобаларды іске асырып, отандық өнімдерді коммерцияландыруына көмек көрсетілуі керектігін де атап өтті.

Мәселен, креативті индустрия Қытай, Ұлыбритания, Жапония мен АҚШ, Германия сияқты елдерде қарқынды дамып кеткен. Ресей де олардан қалыс қалмайды. Ал Қазақстанымызда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына толық қатыса алмаймыз және үкіметтен қаржылай көмек те ала алмаймыз.

Президент Қ.Тоқаев осыған орай жас кәсіпкерлерге және дарынды жандарға қолдау көрсетуге арналған қолайлы креативті шаралардың жеке топтамасын әзірлеу қажеттігін де алдағы маңызды міндеттердің қатарына қосты.

Жамбыл облыстық “Ассамблея жастары” РҚБ төрайымы Хамида Тұрдыева

Comments (0)
Add Comment