Президент Жолдауы тікелей эфирден сағат қаншада көрсетіледі?

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар Президенттің баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады», – делінген хабарламада.

Comments (0)
Add Comment