Президент жолдауы-ел мүддесі

      Еліміздің Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз» – деп атап көрсетіп, аталған стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынды.   

Мемлекет басшысының саяси бастамалары елді одан әрі дамыту және қоғамдық келісімді нығайту үшін өзгерістер жасаудың маңызды, әрі өзекті екенін көрсетеді.

Президент қоғамның, еліміздің өзгеруіне байланысты саяси жүйенің де жаңа жағдайларға бейімделуге тиіс екендігін атап өтті.

✅Сайлау жүйесін жетілдіру туралы бастамасында Президент сайлау үдерісі арқылы да азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыруға болатындығын көрсетіп отыр. Сондай-ақ «Императивті мандатқа көшу де  депутаттардың сайлаушылармен өзара байланысын нығайта түседі. Бір сөзбен айтқанда, енді сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады. Бұл – халық қалаулыларына ықпал етудің  тағы бір жолы. Осы ұстаным демократия дәстүрлерін едәуір нығайтады. Өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады» – деп атап өтті. Бұл өз кезегінде халық қалаулыларына серпін беріп, олардың жауапкершілігін арттырады деп айтуға болады.

✅Сонымен қатар, Жаңа Қазақстанды құру ісі адал, әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алатындығын, осыған байланысты, партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасаудың қажет екендігін, партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейтіндігін жеткізді. Мұны саяси партияларға жасалып отырған үлкен қолдау деп түсінуіміз қажет.

✅Президент сайлау үдерісін жаңғыртуға да ерекше мән берді. Әлемдегі үздік тәжірибелерді біртіндеп енгізу арқылы дауыс берудің баламалы түрлерін пайдалану, тиісті регламент пен ережені бекіте отырып, әлеуметтік желіде үгіт – насихат жүргізуге заң бойынша рұқсат беру, сондай-ақ, байқаушылардың қызметін заңмен реттеу халықтың сайлау өткізуге деген сенімін арттырады.

Осы орайда, Президенттің аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін  қайта қарау, кандидаттардан бастап байқаушылар мен БАҚ-қа дейін, сайлау науқанына қатысушылардың бәрінің қаржылық қызметі барынша ашық болуын қамтамасыз ету туралы бастамасы сайлау жүйесін жетілдірудің басты жаңалығы болатыны анық.

Жолдауда құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту жұмыстарына да баса назар аударылып отыр.

Еліміздің әкімшілік – аумақтық құрылымын жетілдіру үшін жаңадан облыстар құру және облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуының ерекше мәні бар екендігі баршамызға аян. Әсіресе, Ұлытау, Абай облыстарының құрылуы экономикалық жағынан ғана емес, рухани жағынан да маңызды шешім болды.

Жергілікті өзін – өзі басқару жүйесінің нығая түсуі өңірлерді дамыту, масылдық көңіл – күйді төмендету және еліміздегі демократиялық өзгерістерді орнықтыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатындығы да Жолдауда көрініс тауып отыр.

Президенттің дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар қабылдау арқылы ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрақсыз халықаралық жағдай қалыптасқан қазіргі кезде еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары ең маңызды іс екендігі сөзсіз. Осы орайда, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермау мақсатында қоғамдық бақылау жүргізіп, Жолдауда көрсетілген барлық бастамалар мен міндеттердің орындалуына атсалысу әрбір партия мүшесінің міндеті деп санаймыз.

 

 У.Байдуанов, 

«AMANAT» партиясы

Тараз қалалық филиалының

атқарушы хатшысы

Comments (0)
Add Comment