Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай наразылық шеруіне кінәлілерді атады.
Бұл туралы Президент еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесте мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты», делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.