Президент: Жағымпаздыққа қарсымын

Мемлекет басшысы кейбір адамдардың, оның ішінде зиялы қауымның жағымпаздық әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жағымпаздарға қатысты айтар болсақ, мен оған қарсымын. Мен мүлдем басқа ортада тәрбиелендім. Мақтау, мадақтау деген атымен болған жоқ. Ондайды қолпаштау туралы әңгіме айтудың өзі артық шығар.. Олай ешқашан да болған емес. Дегенмен біздің зиялы қауымды өзгерту қиын. Олар – басқа жағдайда тәрбие алған жандар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбат барысында.

Comments (0)
Add Comment