Президент Владимир Зеленский украиндарға жүгінді

«Бүкіл Украинада әуе дабылы басылмайды. Зымырандардың соққысы бар. Өкінішке орай, қаза тапқандар мен жаралылар бар. Мен өте сұраймын: баспанадан шықпаңыз. Өзіңізді және туыстарыңызды қорғаңыз».

Николаев әкімшілігінің басшысы Виталий Ким аймақтың үстінде үш зымыран атылғанын айтты.

Киев мэрі Виталий Кличко «маңызды инфрақұрылым нысандары» бойынша бірнеше соққы болғанын хабарлады.
Львов облысында энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы берілді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің басшысы Максим Козицкий.

Житомир облысындағы энергетикалық инфрақұрылымға соққы берілді, деп хабарлады аймақ басшысы Виталий Бунечко.

«Тұтынушылардың бір бөлігі қазірдің өзінде резервтік қуат көздеріне ауыстырылды. Зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда».

Лаура Абайқызы

Comments (0)
Add Comment