Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қаңтар айында болған оқиғалардан кейін елге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) әскерінің елге кіргізілуіне қатысты пікір білдіріп, әскери күштердің Қазақстанды құтқармағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мәселе құтқару да емес, ортақ қызығушылықтарды қорғауда. Екіншіден, аталмыш сұрақты геосаясат тұрғысынан қараған жөн. ҰҚШҰ – біздің ортақ құрылымымыз. Ресей және өзге ұйым мүшелері Қазақстанда қорғау үшін ғана емес, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін қол ұшын созды», – деді ол Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.
Тоқаев журналистің сауалына жауап бере отырып, мұндай шешім қабылдағанына өкінбейтінін айтты.
«Керісінше, бұл – дұрыс шешім. Қарулы лаңкестердің Алматыны қиратып, қала тұрғындарына қауіп төндіргенін ұмытпау керек. Егер мұндай шара қабылданбағанда, лаңкестер басқа қалаларды да басып алар еді», – деді ол.