Президент сайлауына қатысатын екінші кандидат ресми түрде тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы бүгін Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Экспресс К.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде тапсырылды. Президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін барлық қажетті рәсім сақталды, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

 

Үміткер «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан ұсынылған. Оны қолдау үшін Қазақстанның 14 өңірінде 122 184 азаматтың қолы жиналды. Ішінде жарамдысы 120 055 қол болып шықты. Президенттікке үміткер ретінде тіркелу үшін 118273 қол жеткілікті.

 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы үміткер болып тіркелген.

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Comments (0)
Add Comment