- ҚР Президенті кандидаттарына қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;
- Жоғары білімінің болуы;
- Жасы 40-қа толған болуы;
- Белсенді сайлау құқығының болуы;
- Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18.00-де аяқталды. Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүргізіледі