Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта жасақтау туралы Жарлыққа қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес, Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына мына лауазым иелері кіреді:
Президент әкімшілігінің басшысы;
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
Президент кеңсесінің бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент әкімшілігінің бөлімдері.
Жарлыққа сәйкес:
– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің 4 бөлімі қысқарды.