Президент көлік-логистикасына ерекше көңіл бөлді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялағаны баршаға мәлім. Маңызды мәлімдемеде Президент көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану туралы тоқталып өтті.

«Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану. Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан, көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай, бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ең алдымен «Достық-Мойынты», «Бақты-Аякөз», «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажет екенін ерекше атап өтті.

 

Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ,

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Comments (0)
Add Comment