Президент Елена Рыбакинаны құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.

«Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты!» – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетсек, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалда рейтингіде 18-орында тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті. 37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ал екінші сетті Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты. Енді ол Уимблдон турнирінің финалында әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі.

Comments (0)
Add Comment