Премьер-министр отставкаға кетті

Судан премьер-министрі Абдулла Хамдок 2 қаңтар күні отставкаға кетті. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, премьер-министр Судан қауіпсіздік күштері Хартумдағы екі шерушіні өлтіргеннен кейін отставкаға кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Суданда қазан айынан бері шерулерде 50-ден астам адам қаза тапқан.

«МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӨЗ МОЙНЫМА АЛЫП, ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТЕТІНІМДІ ЖАРИЯЛАЙМЫН», — ДЕДІ ХАМДОК ТЕЛЕДИДАРДАН СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ.

Судан әскерилері 25 қазанға қараған түні уақытша үкіметтің бірқатар министрлерін, соның ішінде Хамдокты ұстады. Содан кейін Судан армиясының генералы Абдель Фаттах әл-Бурхан ел халқына арнаған үндеуінде елде төтенше жағдай енгізілгенін, министрлер кабинеті мен егемендік кеңесті таратқанын хабарлады.

Бір айдан кейін Хамдокты билікке қайтару туралы келісім жасалды.

Comments (0)
Add Comment