Porsche компаниясы Ресейге көлік жеткізуді тоқтатты

Немістің Porsche компаниясы Ресейге көлік жеткізуді тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Орын алған жағдайға байланысты компания автокөліктерін Ресейге жеткізуді жедел доғарды», – деп хабарланды.

Porsche бұл шешімін Ресей мен Украина арасында қалыптасқан жағдаймен байланыстырды.

Айта кетейік, Ресейдің 20 қаласында Porsche компаниясының 26 дилерлік орталығы бар. 2021 жылы РФ-ке бас-аяғы 6262 автокөлік жеткізілген. Олардың ішінде ең танымалы – Cayenne кроссовері. Ресейліктерге 3431 автокөлік сатылды. Екінші орында Macan кроссовері — 1413 көлік. Сондай-ақ, клиенттерге 911 моделіндегі 375 спорттық көлік берілген.

Бұған дейін, Apple компаниясының Ресейде жұмысын тоқтатқанын жазған едік.

Comments (0)
Add Comment