«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ пойыз билеттеріне сараланған тариф енгізу жобасынан бас тартты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5 коммерциялық пойызға жоғарғы және төменгі орындар үшін жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырмайтын болды, — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап кейбір вагондардағы төменгі орындардың бағасы 20 пайызға қымбаттайтыны, ал жоғарғы орындардың арзандайтыны айтылды.