Петропавлдың тұрғыны Иван Райтер бір аптадан кейін 63 жасқа толады. 18 қараша күні «Уют» сауда үйі маңындағы жұмысынан шыққан ол Жұмысшы кентіндегі үйіне жетпеген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңір волонтерлері хабарсыз кеткен ер адамға әлеуметтік желі арқылы іздеу жариялады. Иван Райтердің бойы шамамен 165-170 см шамасында.
Қой көзді, шашы ақшыл-сары, ерні қоян жырық, түсініксіз сөйлейді. Сол күні үстінде ұзын сұр болонья күртеше, қара тоқыма бас киім және аяғында қоңыр түсті бәтеңке болған.
Өзімен бірге ұялы телефоны және жеке куәлігі болуы керек. Жоғалған адамды көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65, 7 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады. Бұған дейін астанаға кеткен 39 жастағы петропавлдық Антон Регнердің табылмай жатқанын айтқан едік. Ер адам соңғы рет 15 қараша күні «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалынан хабарласқан.