Ресейдің Пермь қаласындағы университетте болған атыстан мерт болғандардың тізімі жарияланды,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресейдің Перьм қаласындағы университетте болған атыстан мерт болғандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Марқұмдардың үлкені 66 жастағы әйел, ең жасы 18-де екен. Жарақат алғандардың арасында Ирак студенті бар екені белгілі.
Оқ атқан Тимур Бекмансуровтың әкесі баласының ешкіммен араласпай, үнемі компьютер алдында отырғанын айтты. Естеріңізге салайық, кеше 18 жастағы Тимур Бекмансуров университетте оқ атып, 6 адам мерт болған еді. Тағы 20-дан астамы жарақат алды. Қазір 9 адам ауруханада хәл үстінде жатыр.