Павлодарлық донорлардың арқасында облыс орталығынан Нұр-Cұлтанға 23 литр қан жіберілді. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Айдар Ситқазиновтың айтуынша, елорда I топтағы қан сұратқан. Ол облыстық қан орталығы тұрақты донорларды шақырғанын айтты. Жаңадан келгендер тексеруден өтеді, бірақ олардың қанын тапсырғаннан кейін бірден алуға болмайды.
«Барлығынан қан ала алмаймыз, донорлардың жағдайы әртүрлі – біреуде гепатит немесе басқа да аурулары бар», – деп түсіндірді аймақтың бас дәрігері.
Ол Павлодар облысындағы қан орталығында жеткілікті қор бар екенін айтты.