Павлодарда жол апатынан 2 жасөспірім қайтыс болды

Павлодар облысында қайғылы жол апаты болып, екі жасөспірім көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 қыркүйек сағат 00.20 шамасында Ақсу өңірінің Достық және Төртқұдық ауылдары арасындағы Қызылорда-Павлодар автожолының 59 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

«31 жастағы жүргізуші Toyota Noah автокөлігін тізгіндеп келе жатқанда рөлді басқара алмай, көлігімен кюветке аударылдып кеткен. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция автокөлік салонында 11 жолаушы – алты бала және бес ересек адам болғанын нақтылады. Олар өзара туыс болып шықты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 және 14 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Алты адам, оның ішінде жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

Comments (0)
Add Comment