Павлодарда көпқабатты үйдің жанынан жасөспірімнің мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«2021 жылы 9 қазанда сағат 14:08-де Павлодардағы А.Чокин көшесі, 100 мекен-жайы бойынша 2004 жылғы жасөспірімнің мәйіті табылды», – делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 105 бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалған.