Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды (видео)

Түрлі бояулар мен лак өнімдері жасалып, ұзақ мерзімге сақталатын қоймадан өрт шықты. Ауданы 432 шаршы метрді құрайтын лак-бояу материалдарын шығаратын алты металл реакторы қызыл жалынға оранған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Exspress Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Северная промзона көшесі 53 үй мен «Лакра» ЖШС орналасқан лак-бояу материалдарын дайындайтын және сақтайтын жеке қоймада өрт шықты, деп мәлімдеді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сағат 00:05-те өрт сөндірілді. Оқиға орнына Павлодар облысының ТЖД 41 қызметкер мен 9 техникасы, «ПОЧЗ» ЖШС-нен бес жұмысшы мен бір техника және Апаттар медицинасы орталығынан төрт жұмысшы мен бір техника жұмылдырылды,

— деп жазды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Кісі өлімі мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде.

Comments (0)
Add Comment