Павлодарда 20 жастағы жігітті үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті

Павлодарда 20 жастағы жігітті үйінің кіреберісінде пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 3 қазанда сағат 02:25 шамасында Павлодар қаласы Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен 20 жастағы ауыл тұрғынының мәйіті табылғанын хабарлады. Оны пышақпен жарақаттаған.

Жас жігіттің мәйіті үйдің кіреберісінен табылды.

Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Comments (0)
Add Comment