Павлодар тұрғыны Қажымұқанның белгілі жаттығуын қайталап, «Batyrs’ Battle» жеңімпазы атанды

Павлодарлық Сергей Лаптев табиғи тас пен бөренені көтеру жаттығуында мықтылығын көрсетті деп хабарлады turkystan.kz.

Финалда ол қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атағын жеңіп алды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарыс өңірдің мықты спортшылары арасында өтті. Үйымдастырушылар қатысушылар үшін өз уақытында Қажымұқан Мұнайтпасұлы орындаған жаттығуларды дайындады.

«Бұл – алтыншы турнир, мақсаты – ұлттық күш мәдениетін дамыту және біздің ұлы палуан Қажымұқан Мұнайтпасұлын еске алу. Осындай жарыстар Ақтөбе облысында, ШҚО, Түркістан облысында, Астанада, Көкшетауда өтті», – деді қазақстандық спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев.

Айта кетейік, бағдарламада 60-70-80 және 90 кг қаптарды, 150 кг бөренені, 120 кг табиғи тасты уақытқа көтеру, арматураны бүгу және финалда белбеу күресі болды.

Comments (0)
Add Comment