Павлодар облысында жүкті әйелді өлтірген адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың сәуірінде Константиновка ауылында жүкті әйел өлтірілген. Бұл істі тергеу барысында полицейлер өлтірілген әйел мен оның серіктесі арасында жанжал туындағанын анықтады, оның барысында ер адам мас күйінде құрбанын тұншықтырып өлтірді.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамды мамандандырылған ауданаралық сот 20 жылға бас бостандығынан айырды», – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, өлтірілген қыздың анасы Ирина Свириденко полиция бөлімінің бастығына жазған хатында Успен ауданының полиция бөліміне және прокуратураға істі тексергені үшін ризашылығын білдірген.