Павлодар облысындағы ауыл мұз айдынына айналды

Желтоқсанда жауған жаңбыр Павлодар облысындағы Шарбақты ауылын жаппай мұз айдынына айналдырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Instagram-да видеоны жариялады. Видеодан ауылдың орталық көшелерінің бірінде жас жігіттердің коньки теуіп жүргенін көруге болады. Мұнда жол бойымен ақырын келе жатқан жеңіл көлікте  кадрға түсіп қалған. Ауыл тұрғындары көшелердің мүздан тазартылмағанын айтып, құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағымдануда.

«Ауладан шығуға қорқамыз, көмір, отын салынған көліктер үйлерге бара алмайды», – деп шағымданады ауыл тұрғындары.

Видео әлеуметтік желіде тез тарап, қолданушылар арасында резонанс тудырды.

Comments (0)
Add Comment