Павлодар облысындағы әдеп жөніндегі отырыста жер бөлу кезінде өз ағасына дауыс берген Торайғыр ауылдық окургінің әкімі Мұхтар Молшиннің ісі қаралды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Аудандық жер комиссиясының мүшелігінде болған Мұхтар Молшин 2021 жылы 15 желтоқсанында болған отырыста уақытша өтелуі тиіс жерлерді пайдалануға беру кезінде үш қатысушының арасынан өзінің туған ағасына тиесілі “Молша” шаруа қожалығына дауыс берген. Байқауға 1,651 га жер бөлінген.
Нәтижесінде әкімнің ағасының шаруа қожалығы он дауыстың алтауын жинаған. Этика мүшелері әкімнен дауысын қайтып алуды сұрағанымен ол орындамаған. Кейін қатысушылар тарапынан шағым түсіп жер комиссиясының шығарған шешімі жойылды.
Мұхтар Молшин өзінің бұл әрекетті заңды білмеуі мен ағасының шаруашылығының ауылды көркейтіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен көмегі тигендіктен жасағанын түсіндірді.