Нұр-Сұлтанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысына Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов төрағалық етеді.
Депутаттар елорда атауын өзгерту, сондай-ақ бір реттік президенттік мерзімге қатысты нормаларды қарастырады.
14 қыркүйекте Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы соңғы рет 1 қыркүйекте өткен еді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.