Парламент депутатын өлтіріп кетті

Британ парламенті қауымы палатасының депутаты Дэвид Эмессті сайлаушылармен кездесу барысында өлтіріп кеткен. Қаскүнем халық қалауысына бірнеше рет пышақ сұққан. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі   Kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Шабуылды 25 жастағы жігіт жасаған. Ол депутатқа шіркеуде сайлаушылармен кездесіп тұрған кезінде пышақпен шабуыл жасаған.  Қылмыскер көп ұзамай қолға түскен. Қазіргі таңда тиісті органдар оның депутатты құрбандыққа шалуына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Comments (0)
Add Comment