Парижде өтіп жатқан сән апталығында қазақстандық бренд топ жарды (ВИДЕО)

Парижде өтіп жатқан сән апталығының бірінші күнінде қазақстандық Omabelle бренді киім жиынтығын ұсынды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы саланың кәсіпқойлары дебютантты жылы қабылдап, тіпті ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Париждегі подиумда ұсынылған киімдер алдағы күз бен қыс маусымдарына арналған. Қазақстандық Omabelle бренді сән апталығының бірінші күнін сәтті аяқтады. Дизайнер Айдана Омарова бірден бүкіл мода трендтерінен көрінді.

«Оның осындай Еуропада және одан тыс елдерде өзіндік орны бар деп санаймын. Бұл бренд бірнеше мәдениетті біріктіре алады», – деді стилист, Posture агентінің негізін қалаушы Кеина.

Оның жұмысын көрген шетелдіктер таңданыстарын жасырмады.

«Дәл қазір дизайнердің инстаграмын қарап отырмын, жұмысы керемет. Өте әдемі. Өзі өте дарынды екен. Өзге елдердің дизайнерлері жетістікке жету үшін Парижге келетініне ризамын», – дейді радиожүргізуші Марсела Сантамарияда.

Брендтің тең иесі және бас дизайнер Айдан Омарова үшін Париждегі көрсетілім жаңа нарыққа шығудың кезекті қадамы десе де болады. Қазір Omabelle киімі Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Италияда сатылып жүр. Париждегі дефиледен кейін бұйымдары жергілікті шоу-румдарда ойып тұрып орын алуы да мүмкін. Осындай байқауларға үнемі баратын атақты тұлғалардың стилистері де бұл киімдерге көз салары анық.

«Ұсыныстар түсіп жатқаны шабыттандырады… Осы елде киім үлгілеріміздің сұранысқа ие болғанын көргіміз келеді», – деді Айдана Омарова.

 

Comments (0)
Add Comment