Жамбылда облыстық эссе байқауының жеңімпаздары анықталды. “Парасатты жастар – парасатты қоғам тірегі” атты онлайн байқауға 180-нен астам жұмыс келіп түскен. Әділ қазылардың шешімімен төмендегі қатысушылар белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Мұратбек Ерсұлтан Шу ауданы -1 дәреже
Шәріпбек Балнұр Жамбыл ауданы – 2 дәреже
Асан Үміт Жамбыл политехникалық жоғары колледж студенті – 2 дәреже
Жалалаова Аружан – 3 дәреже Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты
Әбдіманап Еркемай – 3 орын Сарысу ауданы
Саржанқызы Нұрайым – 3 орын Тараз қаласы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен “Адал қоғам” ҚБ ұйымдастыруымен өткен іс – шараға ҚР Мемлекеттік істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ажибаев Айбек Итқараұлы қатысты. Айта кету керек, байқау Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша орындалды.