Пәкістанда Үкімет отставкаға кетіп, Министрлер кабинеті таратылды

Пәкістанның Ақпарат және телерадио министрі Фаррух Хабиб өзінің Twitter-дегі парақшасында ел Үкіметі таратылғанын, премьер-Министр Имран Хан өз міндеттерін жалғастыра беретінін айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Премьер — министр өз міндеттерін Конституцияның 224-бабына сәйкес орындауды жалғастырады, Министрлер Кабинеті таратылды», – деп жазды министр.

Бұған дейін Пәкістан парламенті елдің премьер-министрі Имран Ханға сенімсіздік вотумын қабылдаудан бас тартқан болатын.

Comments (0)
Add Comment