Oyan, Qazaqstan белсенділері Алматыдағы Ресей консулдығының алдына пикетке шықты

«Oyan, Qazaqstan!» қозғалысының белсенділері Алматыдағы Ресей консулдығының алдына пикетке шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың қолдарында Украинаның туы мен “Украина. Соғысқа орын жоқ”, «Украiна – незалежна!» деген плакаттар бар.

«Біз Қазақстанда да Украинаны қолдайтын адамдар бар екенін көрсету үшін пикетке шықтық. Олардың өздерін жалғыз сезінбегендерін қалаймыз. Біз соғысқа қарсымыз», – дейді белсенді Дархан Шәріпов.

Консулдық алдына келіп жеткен әкімдік қызметкерлері пикеттің рұқсат етілмегенін айтып, олардан тарауын сұрады. Белсенділер оларға әкімдікке хабарлама беруге ниетті емес екендерін айтты.

Comments (0)
Add Comment