«Отбасылық мәселеге байланысты»: Атырауда сегіз баланың әкесі суицид жасамақшы болды

Атырау локомотив депосының аумағында орналасқан биікті бес қатарлы үймен бірден болатын жарық мұнарасына шығып алған сегіз баланың әкесі секірмекші болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

1 желтоқсан 15:00 шамасында депо аумағында белгісіз ер адам бес қабатты ғимараттың биіктігіндей болатын маңайға жарық беріп тұратын мұнарадан секірмекші болған. Ол ішімдік ішіп алған екен. Көлік полициясының анықтаушысы Бексұлтан Жұмадинов оқиға туралы хабарлаған локомотив депосының инструктор-машинистімен бірге оқиға орнына бірінші болып жеткен. Бексұлтан Жұмадинов машинистпен бірге дереу мұнараға көтеріліп, өмірден түңілген ер адаммен әңгімелесе бастаған. Осылайша полиция лейтенанты Жұмадинов ер адамды секірмеуге көндірген.

“Әлгі азаматпен сөйлескенде, ол су ішкісі келгенін айтып, мен су әкеліп бердім. Ол аздап тынышталғаннан кейін, оған жайлап биіктіктен түсуге көмектесіп, полиция бөліміне алып келдік. Онымен әңгімелесіп, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жібердік”,- дейді Бексұлтан Жұмадинов.

Полиция қызметкерілерінің айтуынша, әңгімелесу кезінде локомотив депосының инструктор-машинисі Сағындық Бекмағамбетов полиция қызметкеріне көмек көрсетіп, екеуі бірлесіп суицидтің алдын алған.

“Полиция лейтенанты Бексұлтан Жұмадинов ішкі істер органдарында 7 жылдан бері қызмет етеді. Еңбек жолын Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде патрульдік полиция қызметкері лауазымынан бастаған. Ол марапатталатын болады”, – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Comments (0)
Add Comment