Отан үшін от кешкендерге мың тағзым

Ұлы Жеңіс отты жылдары оқ кешкен әрбір майдангердің ерлігінің жемісі. Қаралы жылдары Жамбыл облысынан қан майданға 120 мыңнан астам жауынгер аттаныпты. Бірақ 32 мың жауынгерге туған топырағына, қара шаңырағына оралуға жазбапты. Ерен ерлігімен есте қалған батырларды еске алу, олардың ерлігін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 77 жылдығына орай «Жеңіс» саябағындағы Б.Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шараға облыс басшылығы, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік орган мен мекеме қызметкерлері және қала жұртшылығы қатысты.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сондай-ақ, қаладағы А.Сұхамбаев, Ы.Сүлейменов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп,​ отан үшін от кешкендерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Comments (0)
Add Comment