Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қоғамдық кеңес пен облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуінде жыл басынан бері 239,5 мың шаршы метр үй салынып, пайдалануға берілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін биыл «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп «Жас шаңырақ»жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бағдарламаны іске асыруға 700 миллион теңге бөлінді. Бірінші транш есебінен 150-ге жуық адамды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ете аламыз. Ипотека 10% бастапқы жарнасымен 5%-дан басталатын кредиттеу мөлшерлемесі бойынша 19 жылға дейінгі мерзімге 15 миллион теңгеге дейінгі сомада беріледі”, – дейді Архимед Мұхамбетов.
Осы жылдың 24 тамызында облыстық «Жас шаңырақ» орталығының 2022 жылға арналған жастарға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда және қала әкімдігімен кезекте тұрғандардан келіп түскен өтінімдерді қарау бойынша комиссия құрылады.
Бағдарламаларға қатысатын үміткерлер үшін Қостанай қаласында кемінде 2 жыл тұрақты тіркеуде болуы, қала аумағында талап етілетін салаларда кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы міндетті.
Үміткердің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйі және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактілері, сондай-ақ ҚР аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған жалға берілетін тұрғын үй болмауы тиіс. Бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлесі жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы есепке алмағанда. Өтініш берушінің сатып алынатын тұрғын үйді келесі 5 жыл ішінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табысы 6 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.
Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.