Қостанай облысының полициясы сабақтан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіруде,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«2021 жылғы 27 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Рустам Ташмағамбетов сабақтан шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Қазіргі кезде полицейлер жедел-алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Облыстық полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қатысып жүр», – деп хабарлады полициядан.
Баланың белгілері: бойы 152 cм, денесі толық, шашы қысқа, қара түсті, көзі қою қара. Киген киімі: қою қызыл жейде, көк түсті шалбар, қара қоңыр аяқ киім. Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарды «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.