Қостанай облысынның тұрғындары ауыл әкімін дөрекілік танытты деп айыптады. Әлеуметтік желіде тараған видеодан Тимофеевка ауылының әкімі жергілікті тұрғындармен әңгіме барысында балағат сөздерді қолданғанын көруге болады. Әкім өз әрекетін түсіндіріп, пікір білдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео арқылы танымал болған әкім – Асылжан Нысанбаев. Ол бұл лауазымға 2014 жылы сайланған. Видео авторы 29 жастағы Юрий Иванов ауыл басшысы тұрғындарды үрейде ұстайтынын айтады. Әкім Ивановтың анасы жанжалқой ұлының үстінен полиция арызданғанын мәлімдеді. Сөзінше ол полицейлерден бұрын Ивановтың үйіне барған, бірақ тұрғын планшетімен видео түсіре бастады дейді.
«Менің айтқанымның барлығын өшіріп тастаған. Ашуға булыққан кезімді ғана көрсеткен. Себебі бұл үйге келуім бірінші рет емес. Менің сөзімді кез келген адам нақтылай алады. Аудан әкіміне оқиғаның қалай болғаны туралы түсініктеме жаздым. Әр минутына дейін. Кеңестің қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Қызмет барысында айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын», – деп қосты Асылжан Нысанбаев.