Қостанайға гуманитарлық көмек жөнелтілді

Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат баршаны алаңдатып отырғаны ақиқат. Осы орайда «AMANAT» партиясының мүшелері мен «Жастар рухы» қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетілуде. Партияның өңірлердегі филиалдарында 4 қыркүйектен бастап гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылған болатын. Аталған пункттер бүгінде белсенді жұмыс атқаруда.

ілдері мен қала тұрғындары да тыс қалмай, аталған пунктке бұзылмайтын азық-түлік, жылы киімдерін өткізуде. Екі күннің ішінде пунктке 10 тоннадан астам көмек қоры жиналды. Оның ішінде ұн, қант, макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, сұйық май бар. Сондай-ақ жылы киім, тұрмыстық техника заттары мен құрылыс материалдары да жетерлік.

Тағы бір тілге тиек ете кетерлік жайт, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері партияның Тараз қаласы мен аудандарындағы филиалдарында да құрылды. Мұнда бастауыш партия ұйымдары, кәсіпкерлер мен депутаттардың қолдауымен қажетті бұзылмайтын азық-түлік пен құрылыс материалдары жеткізілуде.

– Халқымыз «Басқа түссе баспақшыл» деп текке айтпаса керек. Сондықтан Қостанай өңіріндегі табиғи апат барлығымызды күйзеліске салып отыр. Осы орайда «Жастар рухы» қанатының коворкинг орталығында гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Бүгінгі күні әркім қолдарынан келгенше жәрдем көрсетіп, қажетті азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды алып келуде. «Көп түкір-се – көл» демекші, «AMANAT» партиясы барша тұрғындарды осы игілікті шараға атсалысуға шақырады, – дейді партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында партияның бастамасын қолдайтындардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі

– «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі. Орталық өкілдері алғашқылардың бірі болып 40 отбасыға азық-түлік себетін өткізген.

– Қостанайдағы табиғи апат барлығымызға оңай тиген жоқ. Сондағы жерлестерімізге қол ұшын созу – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Сондықтан «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған пунктке 40 отбасыға арналған азық-түлік жеткіздік. Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз, – дейді этномәдени бірлестіктің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ибраһим Зуфаров.

Бүгін қайырымдылық көмек тиелген 3 жүк автокөлігі Тараздан Қостанай облысының Әулиекөл ауданына жол тартпақ.

Құрбанәлі Шахабай

Comments (0)
Add Comment