Қос колледж арасындағы берік байланыс

Қос колледж арасындағы берік байланыс

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі мен Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі әріптестік байланыс орнатты.

Өнер саласындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжімен серіктестік орнатылды. Колледж директорлары Жеңіс Сейдуллаұлы мен Саясат Есеев маман даярлаудағы тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын шаралардың жоспарын талқылады.

 Кездесуде талқыланған маңызды мәселелер:

  •  Өнер саласындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру;
  •  Бірлескен мәдени және шығармашылық жобаларды іске асыру;
  •  ҚР Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс жобасын әзірлеу.

Бұл әріптестік жас таланттардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік беріп, шығармашылық саланың өркендеуіне өз үлесін қосады.

Comments (0)
Add Comment