Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы ел көлемінде кеңінен аталып өтіп жатқанын кез келген басылымнан, баспасөз беттерінен аңғаруға болады. Себебі егемендік қазақ еліне тәңірдің өзі тартқан тәтті сый еді.
Бүгін қос ауданның әкімі яғни, Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев пен Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек айтулы мерекеге орай көпке үлгі боларлық игілікті іске мұрындық болып, мемлекеттік қызметшілер арасында үлкен футболдан жолдастық кездесу өткізді.
Ауданның аяқдопшыларын аудан басшысы Сәкен Қаланұлының өзі Талас ауданының орталық стадионына бастап барды.
Мұндағы жергілікті ойыншылар Қанатбек Қайшыбекұлының ойынға құрған жоспарын орындауға асықты.
Қос әкімнің салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен шұғылдануға деген ынта-жігері, қызығушылығы алаңда теңбіл допты ұршықша шиірген ақдопшыларға серпім бергенін атап өту керек.
Алаңда ауданнан аппарат басшысы,ауыл әкімдері, бөлім басшылары, бас мамандар мен инспекторлар ойын көрсетті.
Бірақ, алаңда тамаша ойынның өрнегін сала білген қос ауданның аяқдопшылары жолдастық кездесудің озық үлгісін көрсете білді.
Айтпағымыз, жолдастық кездесу деп басталған алманда «достық» атты ұлы күш жеңіске жетті.
Ақжігіт Жетпісбайұлы,
Жамбыл ауданы